Көлік министрі ҚХР қаржы институттарының басшыларымен кездесті

27 Наурыз 2024, 09:29
606
Бөлісу:
Көлік министрі ҚХР қаржы институттарының басшыларымен кездесті
PHOTO
Фото: Көлік министрлігі

Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары барысында еліміздің көлік саласына жауапты министрі Бейжің қаласындағы Қытайдың екі ірі қаржы институты Eximbank China және Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің президенттері У Фулин және Цзинь Лицюнмен кездесулер өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Келіссөздер елдің көлік инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасын қолдау үшін шетелдік инвестицияларды тарту шеңберінде ұйымдастырылды.

Көлік министрі ҚХР қаржы институттарының басшыларымен кездесті

Көлік ведомствосының басшысы жол желісін жаңғырту, теміржол жолдары мен теңіз порттарын кеңейту салаларында қазақстандық көлік инфрақұрылымын дамытудың әлеуетті инвестициялық мүмкіндіктері мен перспективалары бойынша келіссөздер жүргізді.

Көлік министрі ҚХР қаржы институттарының басшыларымен кездесті

Кездесу қорытындысы бойынша қаржы институттарының өкілдері өңірлік және халықаралық сауданы дамыту, сондай-ақ ел ішіндегі көліктік қолжетімділікті жақсарту үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтіп, сонымен бірге перспективалы жобаларға инвестиция салуға дайын екендіктерін білдірді.

Өзгелердің жаңалығы