Көлік министрі Ақтөбедегі автожолдардың жай-күйін тексерді

22 Қазан 2023, 12:02
593
Бөлісу:
Көлік министрі Ақтөбедегі автожолдардың жай-күйін тексерді
Фото: Көлік министрлігі

Ақтөбе облысына жасаған жұмыс сапары аясында Көлік министрі Марат Қарабаев жергілікті автожолдардың жай-күйін бағамдап, өңірдегі жол инфрақұрылымы нысандарының құрылыс барысын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомство басшысы 2024 жылы аяқталады деп жоспарланып отырған "Ақтөбе-Қандыағаш" (11-100 км) және "Қандыағаш-Мақат" (100-160 км, 330-504 км) жол учаскелерін реконструкциялау мәселелері бойынша бірнеше жиын өткізді.

Сондай-ақ аталған жол учаскелерінде көпірлер мен автомобиль және темір жол өткелдерін салу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Министрлік басшысы өткізген жиында "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ, Автомобиль жолдары комитеті және мердігер ұйымдардың өкілдері баяндама жасады.

Өзгелердің жаңалығы