Көлік-логистикалық кешенін дамыту – экономикалық ынтымақтастыққа жаңа серпін береді

19 Тамыз 2022, 18:28
1107
Бөлісу:
Көлік-логистикалық кешенін дамыту – экономикалық ынтымақтастыққа жаңа серпін береді
PHOTO

Түрікменстанда «Ашхабад процесі: өзара тәуелділікті нығайту» тақырыбында халықаралық конференция өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, алқалы басқосуға теңізге шыға алмайтын 30-дан астам мемлекеттің өкілі қатысқан. Қазақстандық делегацияны Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов бастап барды.

Көлік-логистикалық кешенін дамыту – экономикалық ынтымақтастыққа жаңа серпін береді

Жиында А. Ыдырысов баяндама жасап, көлік-логистикалық кешені саласындағы бірқатар мәселелерге назар аударды. Ол өз сөзінде бүгінде пандемия салдарынан көлік саласында жаһандық өзгерістер орын алып жатқанын атап өтіп, осыған орай жүк көлемін ұлғайту мен тасымалдау сапасын арттыру үшін қолайлы жағдай жасау қажеттілігі туындап отырғанын айтты. Сондай-ақ вице-министр Қазақстанның мультимодальды транзиттік тасымалдар үшін Жаһандық транзиттік құжатты қолдануды қолдайтынын баяндады.

Көлік-логистикалық кешенін дамыту – экономикалық ынтымақтастыққа жаңа серпін береді

Халықаралық жиын барысында БҰҰ әзірлеген ұсынымдарды жүзеге асыру бойынша және өзара тәуелділікті нығайтудың практикалық аспектілері талқыланып, осы тараптағы бірқатар жаңа ұсыныстар қарастырылды. Сонымен қатар басқосуға қатысушылар Бірінші жаһандық көлік конференциясының нәтижесінде Ашхабад процесін жалғастырудың маңыздылығына тоқталып, аталған процесс шеңберінде жоғары деңгейдегі халықаралық кездесулерді жиі өткізуді ұсынды. Бұл транзиттік тасымал, энергияға қолжетімділік, энергетикалық ресурстарды тасымалдау салаларындағы мәселелерді оңтайлы шешім табуына ықпал етпек.

Айта кетерлігі, аталған алқалы жиын 2024 жылы өтетін БҰҰ-ның теңізге шыға алмайтын дамушы елдер бойынша Үшінші конференциясына дайындық процесінің бір бөлігі.

Көлік-логистикалық кешенін дамыту – экономикалық ынтымақтастыққа жаңа серпін береді

Сонымен қатар Алмаз Ыдырысов Стамбұл қаласында өткен Түркі мемлекеттері ұйымының Хатшылығы Көлікті үйлестіру комитетінің арнайы отырысына қатысты. Жиын Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстанның профилді министрлері орынбасарлары деңгейінде ұйымдастырылды.

Көлік-логистикалық кешенін дамыту – экономикалық ынтымақтастыққа жаңа серпін береді

Бүгінде Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия және Еуропа елдері аумақтары арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағытының маңыздылығы мен танымалдылығы артып келеді. Вице-министр Алмаз Ыдырысовтың айтуынша, көлік-логистикалық кешенін дамыту – Түркі мемлекеттері ұйымына мұше елдердің сыртқы экономикалық және сыртқы сауда байланыстары үшін үлкен маңызға ие.

Көлік-логистикалық кешенін дамыту – экономикалық ынтымақтастыққа жаңа серпін береді

Басқосу шеңберінде Шығыс-Батыс Транскаспий халықаралық көлік дәлізі бойындағы көлік-транзиттік операцияларға байланысты өзекті мәселелер талқыланды. Бұдан бөлек, ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы көліктік және транзиттік жұмыстарды цифрландыру таразыланды.

Өзгелердің жаңалығы