Көлік инспекциясының қызметкерлері 5 өңірдің кәсіпкерлерін бопсалаған

22 Қараша 2023, 16:08
643
Бөлісу:
Көлік инспекциясының қызметкерлері 5 өңірдің кәсіпкерлерін бопсалаған
PHOTO
Фото: ҰҚК баспасөз қызметі

Олар габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізу үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша бопсалаған, деп хабарлайды BAQ.KZ  ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2023 жылғы 21 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бас прокуратураның үйлестіруімен Астана, Шымкент қалаларында, сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды және Қызылорда облыстарында жедел-тергеу шараларын жүргізді. 

Көлік инспекциясының қызметкерлері 5 өңірдің кәсіпкерлерін бопсалаған

Оның аясында Көлік министрлігі Көліктік бақылау инспекциясының бірқатар жұмысшысын ұстады. 

Көлік инспекциясының қызметкерлері 5 өңірдің кәсіпкерлерін бопсалаған

Олар салмақтық және габариттік параметрлерін бұзған автокөліктерді бөгетсіз өткізуге кәсіпкерлерден ақшалай қаражатты жүйелі түрде бопсалады деп күдікке ілінді. Қазір Қылмыстық кодекстің 366-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпараттар жария етілмейді, - делінген хабарламада.

Көлік инспекциясының қызметкерлері 5 өңірдің кәсіпкерлерін бопсалаған
Өзгелердің жаңалығы