Көлігін мешіттің қасына қойғандарға айыппұл салынып жатыр

18 Тамыз 2023, 19:47
4153
Бөлісу:
Көлігін мешіттің қасына қойғандарға айыппұл салынып жатыр
Фото: CTS

Астанадағы "Әзірет Сұлтан мешіті" аялдамасында рейд жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Әзірет Сұлтан мешіті" аялдамасында автобустардың тоқтауына кедергі келтіру әрекетін анықтау мақсатында CTS көліктік бақылау департаменті полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп 15 тамыздан бастап рейд өткізіп жатқанын қайта ескертеміз. Тәуелсіздік даңғылында Ахмет Байтұрсынов көшесі бағытында орналасқан аялдамада басқа көлік құралдары үшін «аялдама, тұраққа тыйым салынады» жол белгісі бар. Оны елемей, көлік құралдарының жүргізушілері жеке және қызметтік көліктерді жол бойында қалдырады. Бұл қоғамдық көліктің қозғалысын қиындатады, - деп хабарлады CTS.

Бірлескен жұмыс барысында 80 көлік иесімен түсіндірме жұмыстары жүргізілді, 50 адамға әкімшілік хаттамалар толтырылды, сондай-ақ 30 автомашинадан мемлекеттік нөмірлері тәркіленді.

Полиция департаменті қызметкерлерінің елордадағы қоғамдық көлік қозғалысының қауіпсіздігіне жәрдемдескені және бірлесіп атқарған жедел жұмысын атап өткіміз келеді. Автокөлік жүргізушілерін жол жүру ережелерін сақтауға және жол қозғалысының басқа қатысушыларына сыйластық танытуға шақырамыз, - деп мәлімдеді CTS.

Өзгелердің жаңалығы