Ақтөбе облысында өзгенің көлігін айдап әкеткен 42 адам қолға түсті

24 Қыркүйек 2019, 17:16
1319
Бөлісу:
Ақтөбе облысында өзгенің көлігін айдап әкеткен 42 адам қолға түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Полиция департаменті қала тұрғындарының автокөліктерін ұрлауы мен айдап әкетудің жиілеп кетуіне алаңдаулы.

Ақтөбе облысы Департаментінің Криминалдық полиция басқармасы автокөліктерді сигнал беру құрылғыларымен жабдықтау немесе қаланың күзетілетін автотұрақтарында қою қажеттілігі туралы хабарлайды.

"Тәжірибе көрсеткендей, ұрлық пен тонау ісі жарықтандырумен, бейнебақылау камераларымен жабдықталмаған үйлердің ауласында жасалады. Бұдан басқа, ұрланған және айдап әкетілген автокөліктердің басым бөлігі Ресей елінде есепте тұрған, құлыптарын ашу оңайға түсетін, сигнал беру құрылғыларымен жабдықталмаған", - делінген ведомство хабарламасында.

Сонымен қатар, Полиция департаменті азаматтарға автокөліктерді ұрлағаны және айдап әкеткені үшін қылмыстық жауапкершілік туралы ескертеді, оларды жасағаны үшін қолданыстағы заңнамада 2 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін Криминалдық полиция жыл басынан бері 50-ден астам көлікті айдап әкету фактілерін жасауға қатысы бар 42 адамды ұстады.

"Мысалы, аталған санаттағы қылмыстарды ашуға бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде ағымдағы жылдың басынан бері 5 автокөлік айдап кету фактісін жасаған облыс орталығының тұрғыны әшкереленді, бұл үшін Ақтөбе қаласының №2 сотының үкімімен 2 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілді", - деп жазылған хабарламада. 

Өзгелердің жаңалығы