Көлгінов Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысымен танысты

24 Желтоқсан 2022, 09:21
910
Бөлісу:
Көлгінов Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысымен танысты
PHOTO

Ауыл тұрғындарының табысын арттыру жөніндегі жоба өңірлердің ерекшелігі мен әлеуметтік-экономикалық дамуын ескере отырып, бүкіл ел көлемінде іске асатын болады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылдан бастап «Халықтың табысын арттыру бағдарламасын» жүзеге асыру аясында барлық ауыл тұрғындарына жылдық 2,5 пайызбен жеңілдетілген шағын несие беріледі. Бұл мақсатта республикалық бюджеттен 50 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді.

 Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында жобаның орындалу барысымен танысты.

Көлгінов Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысымен танысты

Жамбыл облысында пилоттық жоба басталғалы 20-дан астам ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылып, 2300-ге жуық жаңа жеке кәсіпкерлік іске қосылған. Бұл шаралар АӘК алушылардың санын қысқартып, жаңа тұрақты жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

 Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовпен бірге ауыл тұрғындарының табысын арттыру жобасы аясында құрылған бірқатар ауыл шаруашылығы кооперативтерін аралады.

Қордай ауданында кооператив басшысы Т. Сәрсембаев «ECO Chicken» құс фермасын кеңейту бойынша атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. 

Көлгінов Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысымен танысты

Мәселен, жақын арада жалпы қуаты 520 тонна құс етін құрайтын 8 модульдік құс фабрикасын, 2025 жылға дейін тағы 100 модульдік құс фабрикасын орнату жоспарлануда. Кәсіпорын тәжірибесімен бөлісе отырып, басқа кооперативтерге өз ісін ашуға және жұмыс орындарын құруға көмектеспек.

Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов Меркі ауданы, Сұрат ауылында ашылған «Даму Сурат» ауыл шаруашылығы кооперативінде де болды. Кооператив ауылдықтарға егістік пен үй іргесіндегі жерлерді игеру, өнім өткізу бойынша қызмет көрсетеді. 2019 жылы кооператив 22 бірлік техниканы лизингке алған.

«Сатымбаев» ЖК басшысы жобаның бірінші бағыты аясында 5 соттық жерге жылыжай салып, жылына 12,5 тонна қияр жинауда. Сондай-ақ, консерві цехын іске қосқан.

Көлгінов Жамбыл облысындағы ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмысымен танысты

Алтай Көлгінов облыстың Байзақ ауданындағы бірқатар ауыл шаруашылығы кооперативтерінің де жұмысымен танысты.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Алтай Көлгінов Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірленген бағдарламаны іске асырудың маңыздылығына тоқталып, оның, ең алдымен, халықтың табысын арттыруға, сондай-ақ экономиканы әртараптандыру, кәсіпкерлікті дамытумен ұштасқан нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталғанын атап өтті.

Біздің мақсатымыз – ауылдар мен шағын қалалардың тұрғындарының табысы мен тұрмыс деңгейін арттыру, жергілікті жерлерде жұмыс орындарын құру, өз өнімдерін шығару. Мұнда ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жоба сапалы іске асырылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жамбыл облысында іске қосылған жоба өзінің тиімділігін көрсетті. Енді осы тәжірибе бүкіл ел көлемінде таратылатын болады. Республикалық бюджеттен бұл мақсатқа 50 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Өз кәсібін ашқысы келетіндер осы бағдарламаның мүмкіндіктерін пайдалана алады. Олар өз кәсібін аша отырып, басқа да ауыл тұрғындары үшін жаңа жұмыс орындарын құратын болады, - деді вице-премьер Алтай Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы