Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында елорда тұрғындары мен қонақтарын Рамазан айының басталуымен құттықтады.
Айтуынша, қасиетті айда «Қайырымды істер» марафоны аясында мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттері таратылады.
Қасиетті Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бірлік пен мейірімділіктің, төзімділік пен өзара көмек көрсететін ай. Ізгі ниет пен игі істер қабыл болсын! Дүниежүзілік пандемияны ескере отырып, ораза ұстау белгілі бір шектеулерде өтеді. Осы орайда бірлігімізді көрсету маңызды. Бұл ай Наурыз мейрамындағыдай игі істерге арналады. «Қайырымды істер» марафоны аясында мұқтаж отбасыларға азық-түлік себеттерін таратамыз, сондай-ақ басқа да қайырымдылық акцияларын өткіземіз. Әр отбасына зор денсаулық, амандық пен бақ-береке тілеймін!, – деп жазды қала әкімі.