Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов азық-түлікке ай сайын қанша теңге жұмсайтынын айтты, деп хабарлады BAQ.KZ тілшісі.
Шамамен 300-350 мың теңге жұмсалады. Қаладағы дүкендерден сатып аламыз. Зайыбым сатып алады. Мүмкіндік болса, өзім де аламын, - деді ол Үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң.
Сондай-ақ Алтай Көлгінов Үкімет басшының орынбасары ретінде қанша жалақы алатынын әлі білмейтінін жасырмады.
Ал елорда әкімі ретінде 1,9 млн теңге еңбекақы алған болатын.