Көкшетау қаласы жағасында орналасқан Қопа көлінде жақында бейнебақылау жүйесі іске қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ-ға сілтеме жасап.
Техникалық жаңалық құтқарушыларға көлдегі жағдайды бақылауға көмектеседі. 100 есе масштабтау көлдің бетін толықтай бақылауда ұстай алады, бұл шамамен 14 шаршы шақырымды құрайды. Бүкіл акватория құтқарушы кезекшілік ететін дисплейге проекцияланады.
Бұл орын алған төтенше жағдайға тезірек әрекет етуге және суға батып бара жатқан адамға көмекке келуге мүмкіндік береді. Мұндай бақылау жүйелерін Щучье-Бурабай және Зеренді курорттық аймақтарының су қоймаларында да орнату жоспарлануда, - деп хабарлайды Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.