Қолдан сабын жасау мен үшін үлкен шығармашылық – қолөнерші

2 Сәуір 2019, 17:47
3805
Бөлісу:
Қолдан сабын жасау мен үшін үлкен шығармашылық – қолөнерші

Алматы, BAQ.KZ.  «Прогресс» политехникалық колледжінде білім алып жатқан мүгедектігі бар жандар Алматыдағы қолөнер жәрмеңкесіне қатысып, өз бұйымдарын көпшілікке ұсынды. 

Мүмкіндігі шектеулі колледждің тәлім алушылары жәрмеңкеге қолдан жасалған сабын мен тігін өнімдерін әкелген, оның ішінде балалардың ұлттық киімдері, төсек-орын жабдықтары, сүлгілер және тағы басқа бұйымдар бар.

3 топтағы мүгедек Нухра Сейтжапбарова аталған колледжде қолдан сабын жасау бойынша тәлім алып жатыр екен.

«Мен 3 топтағы мүгедекпін, есту және сөйлеу мүмкіндігінен айырылғанмын, бірақ колледжде білім алу арқасында мен жаныма жақын мамандықты игердім. Мен қолдан сабын жасаймын және мен үшін бұл тек қолөнер ғана емес, сондай-ақ бұл - шығармашылық. «Прогресс» колледжінің  білім алушысы Асхат Ақкунашевпен тандемде жұмыс істей отырып, біз пішіні, түсі және фактурасы бойынша бірегей бұйымдар жасап шығарамыз. Осылай  еңбек етіп, бір-бірімізді түсініп, қолдауды үйрендік, нәтижесінде отбасын құрып, осы жәрмеңкеде бүгін ұсынылып отырған бірлескен шығармашылықты жалғастырудамыз», - дейді Н. Сейтжапбарова.

Ал, тігіншілікті игеріп жатқан Шырын Маралбекова іс тігу арқылы қоғамға пайда әкеліп, отбасының табысына үлес қосып отырғанына қуанышты екенін жеткізді.

«Мен нашар естимін, бірақ бұл тігіншілікті үйренуге кедергі келтірмеді, мен қоғамға пайда әкелетініме  және отбасының жалпы табысына үлес қоса алатыныма өте қуаныштымын. Әр түрлі іс-шараларға белсенді қатысуға тырысамын, әрине, өз бұйымдарымды әртүрлі жәрмеңкелерде көргім келеді, себебі менің жұмыстарым айналадағылар үшін қызықты екенін байқаймын және адамдар бұйымдарымды сатып алған кезде қуанамын», - дейді ол.

«Прогресс» колледжі Алматы облысының Іле ауданындағы Өтеген батыр ауылында жұмыс істейді және студенттерді әртүрлі мамандықтарға оқытады, сонымен қатар колледж 18 жастан асқан ересек адамдарға, соның ішінде ерекше қажеттіліктері бар адамдарға сұранысқа ие кәсіптер бойынша мамандық алуға мүмкіндік береді. 

Колледжінің директоры Жанна Телпекбаеваның айтуынша, ерекше қажеттілігі бар жандарды оқытудың маңызды ерекшелігі бар - мұғалім мұндай студенттерге екі есе сүйіспеншілікпен қарауы керек және шынайы болуы шарт. Сондай-ақ, колледж өз түлектеріне болашақта жұмысқа орналасуға немесе өз ісін ұйымдастыруға көмектесуді маңызды санайды.

 «Алдымен біз оларды үлкен кәсіпорындарға, тігін фабрикаларына орналастырдық, бірақ жұмыс қарқыны, жоспары, барлық жағдай оларға теріс әсер етті, тиісінше олар алаңдады, уайымдады және ештеңе шықпаған соң, олар өздері жұмыстан өз еркімен кете бастады. Сол шақта біз ауылымыздағы, Алматыдағы киім-кешек жөндеудің шеберханалары бар сауда орталықтарын аралып көрдік, олар сонда жұмысқа орналасып жатты. Өз ісін ашқысы келетіндерге біз үйде өз бизнесін дамытуға көмектесеміз. Әр адамға жеке қарау орынды, әлсіз емес, адамның басым қасиеттеріне зер салып, оларды дамыту керек. Біз «Филип Моррис Қазақстан» компаниясына өте ризамыз, олармен бірге біз көптеген жылдар бойы ерекше қажеттіліктері бар адамдарға өз өмірлерін жақсартуға көмектесетін және олардың өсуі мен дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер сыйлайтын осы жобаны табысты жүзеге асырудамыз», - дейді «Прогресс» колледжінің директоры Жанна Телпекбаева.
Өзгелердің жаңалығы