Алматыда тау баурайындағы табиғи өрт тоқтар емес. Енді Көктөбе саябағы маңында қураған шөп жанып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде өрттің видеосы тарап жатыр.
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне сағат 18:58-де Медеу ауданы, Жәнібеков көшесі, 78 мекенжайы бойынша өрт шыққан туралы хабарлама түсті.
Тұтанған табиғи өртті сөндіруге өрт сөндірушілер жоғары дәрежедегі шақыртумен жіберілді, - деп хабарлады ведомстводан.