Көктөбе телемұнарасында Құтқарушылар күніне орай шоу болды

Бөлісу:
Көктөбе телемұнарасында Құтқарушылар күніне орай шоу болды
Фото: видеодан кадр

Алматыда Көктөбе телемұнарасында елімізде 19 қазанда атап өтілетін Құтқарушылар күніне орай ТЖМ түстерімен шоу болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

18 қазаннан бастап Алматыда «Көктөбе» телемұнарасы 19 қазан Құтқарушылар күніне орай ТЖМ түстерімен жарықтандырылды.

Телемұнараның медиафасадтарында құтқарушылардың рәміздері көрсетіліп, оның жарықтандыруы қаланың сәнін аша түсті.

Осы жылдың тоғыз айында Алматы ТЖД гарнизонының, ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының және ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары оқиғалар орнынан 3 мыңнан астам шұғыл шығу жүзеге асырылған. ТЖ орындарынан 300-ден астам адам эвакуацияланып, 160-тан астам зардап шеккен адамдарға көмек көрсетті, ең бастысы 711 адамның өмірі құтқарылды!

Өзгелердің жаңалығы