Көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінбек

22 Ақпан 2023, 10:37
989
Бөлісу:
Көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінбек
Фото: Depositphotos

Биыл алғаш рет қаңтар айында көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мәлімдеді, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Биыл қаңтар айынан бастап алғаш рет көктемгі егіс жұмыстарына 140 млрд теңге көлемінде қаржыландыру пысықталды. Аграрлық несие корпорациясы бұл қаражаттың бөлінуін күтпей-ақ, қолда бар ресурстар есебінен желтоқсан айынан бастап қаржыландыруды бастады. Мәселен, желтоқсанда 794 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 22,6 млрд теңгеге, қаңтардан бері 564 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері 17,1 млрд теңгеге қаржыландырылды, - деді Ербол Қарашөкеев.

Сонымен қатар Ербол Қарашөкеев 3 200-ден астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін қамтитынын, 2 миллион гектарға жуық алқапта егін егу мен жинауды қамтамасыз етуге мақсат қойғанын айтты.

Бүгінгі таңда 123,6 млрд теңгеге 3,4 мыңға жуық өтінім қабылданып, 71,7 млрд теңгеден астам сомаға 1 669 өтінім мақұлданды, - деді ол.

Оның айтуынша, азық-түлік келісім шарт корпорациясы арқылы да қаржыландыру жалғасады.

Биыл Азық-түлік корпорациясы салаға 55 млрд теңге бөледі, оның 20 млрд теңгесі форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша, 35 млрд теңгесі тауарлық несие беру есебінен, - деді ведомство басшысы. 

Өзгелердің жаңалығы