Көктем – ағза үшін күрделі кезеңдердің бірі. Күн жылынса да, ауа райы тұрақсыз болып, иммунитет әлсірейді. Балалардың осы маусымда жиі суық тиюі немесе аллергияға шалдығуы да осыған байланысты. Дәрігер Аягөз Болатқызы көктемде балалардың денсаулығын сақтау үшін бірнеше маңызды кеңес береді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Көктемде балалардың инфнециялық ауруларға шалдығуы жоғары болады. Бұл қыс мезгілінен аман есен өткен өсіп келе жатқан ағзаның резервтік күштерінің сарқылуына байланысты – дәрумендердің жетіспеушілігі мен күн сәулесінің жетіспеушілігі салдарларынан болып жатады, - дейді дәрігер.
Оның сөзінше, бала иммунитеті мықты болуы үшін, баланың дұрыс тамақтануын қолға алу керек.
Дәрігер кеңесі:
- дұрыс тамақтану;
- таза ауада жиі серендеу;
- бала ағзасында дефициттер жағдайын анықтап профилактикалық мақсатта анализдер тапсырып, қажетті дәрумендерді беру. Алайда қазір түрлі фирмалардың дәрумендері қаптап кетті. Нақты дәлелденген, ҚР тіркелген регистрациялақ номері бар дәрумендерді алуға кеңес беремін.
Көктем – ағаштардың гүлдеп, өсімдіктердің өсіп өнетін әдемі кезең. Бірақ аллеригияға бейімділігі бар адамдарға бұл кезең оңай емес. Көктемде аллергиялық реакцияларды алдын алу үшін, егер адамда аллергияға бейімділік болса, басты қағида аллергия туындататын аллергеннен сақтану керек. Шаң, тозаң, терек мамығы көп аймақтарда көп жүрмегені дұрыс, - деп кеңес берді дәрігер.
Аягөз Болатқызы үй тазалығын сақтап, үнемі ылғалды тазалық жүргізу шараларын жасап отырған абзал екенін ескертті.