Көктем бе, күйзеліс пе: Ақтауда зейнеткер 9-қабаттан секіріп көз жұмды

Ақтауда 33 шағын ауданда 66 жастағы зейнеткер 9-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Артём Чурсинов  -архив 17 Наурыз 2025 2025, 23:25
17 Наурыз 2025 2025, 23:25
3025
Фото: -архив

Ақтауда 33 шағын ауданда 66 жастағы зейнеткер 9-қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес, ер адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жалғасуда, - делінген ақпаратта.

Ал облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі 16 наурыз күні сағат 00:43-те "биіктен құлау" туралы қоңырау түскенін растады.

Оқиға орнына бригада сағат 00:48-де жетті. Қоңыраудың диагнозы 66 жастағы ер адамның белгісіз себептермен қайтыс болуы. Ақпарат 102 қызметіне жіберілді, - деді ведомство.

Наверх