Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Көктайғақта полицейлер жол бастап, көліктің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етті – ШҚО

Бөлісу:
 скрин
Фото: скрин

Өскемен – Семей тас жолының 13-шақырымынан бастап Абай облысының әкімшілік шекарасына дейін 80-нен астам автокөлікке полицейлер жол көрсетіп, бірге ілестіріп жүрді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өңірлік ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында ШҚО ПД патрульдік полиция батальоны көлік жүргізушілерінің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етті.

Қозғалыс барысында қызметкерлер жылдамдық режимінің сақталуын қадағалап, жолдағы қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз етті. Полиция қызметкерлерінің үйлесімді әрі кәсіби іс-қимылының нәтижесінде колонна жолдың күрделі учаскелерінен ешбір оқыс оқиғасыз өтті. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға және ұйымдастырылған колоннаға ілесіп жүру кезінде тәртіп сақшыларының заңды талаптарын орындауға шақырады, – деп жазылған хабарламада.

Бұған дейін аталған жол учаскесінің жабық болғаны нақтыланады.

Өзгелердің жаңалығы