Көктайғақ: елордада коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр

Астанада қар күреу жұмысына 1 наурыз күні таңертең 2148 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

1 Наурыз 2023 2023, 13:29
АВТОР
 Елорда әкімдігі 1 Наурыз 2023 2023, 13:29
1 Наурыз 2023 2023, 13:29
1252
Фото: Елорда әкімдігі

Астанада қар күреу жұмысына 1 наурыз күні таңертең 2148 жол жұмысшысы жұмылдырылды. Коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZнің ресми сайтына сілтеме жасап.

28 ақпаннан 1 наурызға қараған түні елордадан 7 мың текше метр қар немесе 508 рейс шығарылды.

Сәрсенбі күні таңертең қала көшелерінен қарын күреп, көктайғақты жою үшін 2 148 жол жұмысшысы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

 

Ауа райының тұрақсыздығына, температураның өзгеруіне және жауын-шашынға байланысты көшеде көктайғақ пайда болады. Азаматтардың емін-еркін жүруі үшін жолдарға, тротуарлар мен көшелерге құм-тұз қоспасы себіледі. Бұл ретте елорда тұрғындары мен қонақтары көктайғақ кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтап, абай болу керек.

Қыс мезгілінің басынан бері қаладан 3,6 млн текше метрден астам қар немесе 290 мыңнан астам рейс шығарылды.

Наверх