"Қазгидромет" РМК мамандары 2 наурызда елімізде қандай ауа райы күтіп тұрғанына болжам жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Синоптиктердің болжамына сәйкес, еліміздің басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Тек елдің солтүстігінде, шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуі салдарынан қар жауып, бұрқасын жүреді, желдің күшейеді деп күтіледі, республикамыздың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болады, - делінген хабарламада.
Сондай-ақ синоптиктер Қазақстан бойынша тұман жиі байқалатынын, оңтүстік-шығыста көктайғақ болады деп күтілетінін атап өтті.