Астанада әлеуметтік желілер мен мессенджерлер арқылы тарап жатқан сериялық қылмыскер туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тараған хабарламаларда "Көктал" және "Агроқалашық" аудандарында жасөспірімдерге түнгі уақытта шабуыл жасайтын ер адамның суреті мен сипаттамасы қоса берілген. Алайда тәртіп сақшылары бұл мәліметтердің расталмағанын және жалған екенін хабарлады.
Көктал ауданында жасөспірімдерге шабуыл жасайтын маньяк туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді, – делінген Астана қалалық ПД ресми хабарламасында.
Ведомство азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және расталмаған деректерді таратпауға шақырды. Сонымен қатар, мұндай жалған ақпарат қоғамдық тәртіпке кері әсер етіп, қоғамда негізсіз алаңдаушылық тудыратыны атап өтілді.