Елордадағы Көктал 2 шағын ауданында абоненттер жоғары сапалы интернетке қосылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тұрғындарға талшықты-оптикалық байланыс желілерінің көмегімен жоғары жылдамдықты интернет және цифрлық теледидар қызметтері ұсынылады.
Заманауи GPON технологиясы жарықтандыру бағаналары мен электр желілері арқылы өтеді. Көктал тұрғын алабындағы Баршын, Құланөтпес, Саумалкөл, Айдарлы, Ақмола, Ұлытау және т.б. көшелеріндегі 200 үй шаруашылығы қосылуға дайын.
GPON (Gigabit Passive Optical Network) технологиясының көмегімен бірнеше сандық қызметтерді бір сызықта артық сымдарсыз бірден қосуға болады. GPON технологиясы абоненттің үйіне оптикалық кабельді тартуды қамтамасыз етеді.