Көкшетаулық студент ірі көлемдегі мефедронмен ұсталды

27 Тамыз 2022, 06:36
798
Бөлісу:
Көкшетаулық студент ірі көлемдегі мефедронмен ұсталды
VIDEO

Көкшетауда джедел уәкілдер жергілікті колледждердің бірінің 19 жастағы студентін құрықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жазғы демалыстың екі айында жас жігіт қаланың әртүрлі бөліктерінде мефедрон психотропты затын салып, фотосуреттерді кураторларға жібергені белгілі болды. Тергеу амалдары барысында полицейлер оның ұялы телефонын тәркіледі. 

Тінту барысында полицейлер мефедрон психотроптық заттың аналогы құрамдас 64 “зиплок” қалташасын тауып алып, тәркіледі, сараптамаға сәйкес оның салмағы 22,64 грамды құрады.

Қазіргі уақытта аталған фактіге сәйкес ҚР ҚК 296-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу кезеңінде айыпталушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзгелердің жаңалығы