Көкшетаулық полицейлер тұрғын үйдің өртенуінің алдын алды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері уақытында келіп жетпегенде әйел мен үш бала өрттің құрбаны болуы мүмкін еді. Оқиға 10 мамыр күні кешке уақытта болды.
Жеке сектор аумағында рейдтік іс-шараларды өткізу кезінде Көкшетау қаласы полиция басқармасының қабылдаушы-таратушы полицейлері – Азамат Бейсов, Нұрсұлтан Бегалин және қатардағы жауынгер – Назар Досжан Сәдуақасов атындағы көшедегі тұрғын үйдің шатырының түтіндегенін байқаған. Дереу полиция қызметкерлері өртті сөндіру, ең бастысы – тұрғындарды эвакуациялау бойынша шаралар қабылдаған. Бірігіп, жедел түрде полицейлер үш баланы және олардың анасын үйден шығарып, кейін жарылуы мүмкін болған газ баллонын қауіпсіз жерге шығарды.
Өртке қарсы қызметкерлер келгенге дейін полицейлер суару шлангісін пайдаланып, өртті өз бетінше сөндірді.
Отбасының әкесі полицейлерге кәсібилігі мен уақытылы көмек көрсеткендері үшін жылы лебізін білдірді.