Көкшетаулық оқушылар үшінші тоқсанды жаңа "Жайлы мектепте" бастайды

Бүгiн, 02:19
155
Бөлісу:
Көкшетаулық оқушылар үшінші тоқсанды жаңа "Жайлы мектепте" бастайды
Фото: Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов қоғам өкілдерімен, ардагерлермен және БАҚ өкілдерімен бірге Көкшетау қаласындағы 1500 орындық жаңа «Жайлы мектепті» аралады, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Жаңа мектепте 60 оқу кабинеті, физика, химия және биология пәндеріне арналған арнайы зертханалар, IT кабинеттері бар. Балалардың жан-жақты дамуы үшін мектепте 4 кең спорт залы, кітапхана, оқу залы және 324 орындық көрермендер залы қарастырылған. Мектеп ғимараты ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімделген, мектеп пандустармен, жеделсаылармен және түзету сабақтарына арналған кабинеттермен жабдықталған. Бірінші қабатта 375 орындық асхана орналасқан.

Педагогикалық құраммен кездесу барысында облыс әкімі мұндай заманауи мектептердің ашылуы ел болашағына бағытталған инвестиция екенін атап өтті.

Бұл мектеп балаларға сапалы білім беріп қана қоймай, олардың шығармашылық, спорттық және тұлғалық дамуына мол мүмкіндік ашады, – деді облыс әкімі.

Оқушылар мен ата-аналар үшін қолайлы болу мақсатында 9 қаңтардан бастап №6 және №10 қалалық автобус маршруттары ұзартылады. Қоғамдық көлік аялдамасы енді жаңа мектептің алдында орналасқан.

Айта кетейік, Президент тапсырмасы аясында Ақмола облысында жалпы сыйымдылығы 12 200 орындық 9 "Жайлы мектеп" салынды. Оның жетеуі Целиноград ауданында, ал екеуі облыс орталығында орналасқан.

Өзгелердің жаңалығы