Көкшетаудағы академияда офицер өлі күйінде табылды

Көкшетаудағы ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында офицер мерт күйінде табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Nayza Kokshe-ге сілтеме жасап.

 архив 3 Сәуір 2025 2025, 09:32
3 Сәуір 2025 2025, 09:32
1359
Фото: архив

Көкшетаудағы ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында офицер өлі күйінде табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Nayza Kokshe-ге сілтеме жасап.


Алдын ала ақпаратқа сәйкес, 22 жастағы оқытушы, академияның түлегі, өз-өзіне қол жұмсаған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Денесі 2 сәуір күні оқу орнының бір кабинетінен табылды.

Полиция ҚР Қылмыстық кодексінің "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабымен қылмыстық іс тіркеді. Тергеу амалдары жалғасуда.

Наверх