Көкшетауда жол апатына түскен әйел көліктің ішінде қысылып қалған

1990 жылы туған зардап шеккен әйел көліктен шығарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

20 Қазан 2026, 22:53
АВТОР
 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов 20 Қазан 2026, 22:53
20 Қазан 2026, 22:53
219
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Бүгін Көкшетау қаласының саяжай алқабы маңындағы «Көкшетау – Атбасар» автожолында екі жеңіл автокөлік соқтығысты.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар министрлігі жедел-құтқару жасағының бөлімшелері жедел жетті. Құтқарушылар арнайы авариялық-құтқару құралдарының көмегімен көліктердің бірінің есігін ашып, ішіндегі әйелді босатып алды.

1990 жылы туған зардап шеккен әйел көліктен шығарылып, жедел медициналық жәрдем бригадасына тапсырылды.

ТЖМ азаматтарды жолда сақтық шараларын сақтауға шақырады. Төтенше жағдай туындаған кезде 112 нөміріне хабарласу қажет.

Наверх