Көкшетауда ұландықтар жас жігітті есірткі заттарымен ұстады

11 Наурыз 2023, 13:11
973
Бөлісу:
Көкшетауда ұландықтар жас жігітті есірткі заттарымен ұстады

Көкшетауда Ұлттық ұланның 5510 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көшелерді патрульдеу кезінде есірткі заттарын жасырған жас жігітті ұстады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

9 наурыз күні сағат 16.30 шамасында Абай Құнанбаев көшесіндегі ОӘД сауда орталығының жанында патрульдік-бекеттік қызмет атқару кезінде әскери жасақ бастығы ефрейтор Алмат Нұрбайұлы пен патрульшілер қатардағы жауынгерлер Мұхтархан Әзімбек және Мирас Ахметовпен бірге күдікті көрінген жас жігітті байқады, бұл туралы жасақ дереу байланыс желісі бойынша кезекшіге баяндады.

Ұсталған азамат бізді көргенде, оның мінез-құлқы өзгерді. Біз одан тексеру үшін құжаттарды ұсынуын сұрадық. Осыдан кейін сыртқы тексеру кезінде 6 таблетка Трамадол және 1 бөтелке тропикамин табылды, - дейді әскери бастығы бастығы ефрейтор Алмат Нұрбайұлы.

Ұландықтар мән-жайды анықттау үшін күдіктіні полиция бөліміне жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы