Іс-шара ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және ҚҚДИ ұйымдастыруымен өтуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Семинарға Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақмола облыстарының өңірлік жобалық офис қызметкерлері, идеология саласына жауапты жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қызметкерлері қатысуда7
Екі күндік модульдің алғашқы күнінде дәріскер, 50-ден аса аймақтық, республикалық және халықаралық ауқымдағы жобалардың авторы, әлеуметтік психология және зерттеу әдіснамасы бойынша жаттықтырушы Ілияс Тілеубергенов «Мемлекеттің идеологиялық жұмыстары: аймақтарда іске асыру жолдары» тақырыбында сөз сөйледі.
Естеріңізге сала кетейік, «Ruh camp» көшпелі оқыту семинарлары ағымдағы жылдың 7-8 қыркүйек күндері Ақтөбе, 21-22 қыркүйек күндері Шымкент, 5-6 қазан күндері Алматы, 13-14 қазан Нұр-Сұлтан қалаларында жалғасады.