Көкшетауда қазандық жарылып, жасөспірім зардап шекті

17 Ақпан 2024, 18:35
529
Бөлісу:
Көкшетауда қазандық жарылып, жасөспірім зардап шекті
Фото: Артём Чурсинов

Өткен түнде Көкшетауда қазандықтың жарылуы салдарынан 2010 жылы туған жасөспірім зардап шекті. Ол күйікпен ауруханаға түсті, деп хабарлады BAQ.KZ Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

16 ақпанда сағат 23:20-да диспетчердің пультіне оқиға туралы хабарлама келген. Ақау салдарынан циркуляциялық сорғысы үзіліп, қазандық қираған. Оқиға салдарынан 2010 жылы туған бала зардап шекті. Ол Көкшетау облыстық балалар ауруханасына 50 пайыз денесінің (бет, аяқ-қол, дене және аяқ) термикалық күйікпен жатқызылды.

ТЖД мәліметінше, бала ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр. Өртке қарсы қызмет шақырылған жоқ.

Өзгелердің жаңалығы