Көкшетауда өзгенің банк картасын заңсыз пайдаланған күдікті анықталды, – деп хабарлайды BAQ.KZ.
Polisia.kz сайты таратқан мәліметке сәйкес, Көкшетау қаласының Полиция басқармасына облыс орталығының 37 жастағы тұрғынының 19 қыркүйекте белгісіз біреу жоғалған картасын пайдаланып, 18091 теңге жұмсағаны туралы өтініші түскен.
Өтініш беруші бұған дейін телефонын жоғалтып алғанын, ал телефон қаптамасында құжаттар мен банк картасы болғанын айтты. Басқа телефон сатып алып, жоғалған абоненттік нөмірді қалпына келтіргенде, ол жасамаған саудаларына ақы төлеу туралы хабарламалар келе бастаған.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталды. Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ 48 жастағы ер адам телефон мен картаны тауып алған. Смартфонды лақтырып жіберіп, ал картаны дүкенде азық-түлік алу үшін бірнеше рет пайдаланған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 2-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.