Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Көкшетауда өрттен әйел адам құтқарылды

25 Шілде 2025, 14:09
592
Бөлісу:
 видеодан скриншот
VIDEO
Фото: видеодан скриншот

Көкшетау қаласында төрт қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерде өрт шығып, құтқарушылар әйел адамды аман алып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ өрт сөндірушілері ас үйдегі жиһаздың жануын шағын алаңда 15 минут ішінде сөндірді.

Подъезде қатты түтін болғандықтан, жоғарғы қабаттан бір әйел адам құтқарылды. Құтқарушылар автосатыны пайдаланып, оны қауіпсіз жерге түсірді, - делінген ТЖМ хабарламасында.

Сондай-ақ, өрт сөндірушілер түтін басқан ортадан екі газ баллонын алып шықты.

Өзгелердің жаңалығы