23 сәуірде Көкшетауда жеке тұрғын үйде ірі өрт болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақмола облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, сағат 19:25-те Застанционный кентінде Көктерек көшесі бойында төрт пәтерлі жеке тұрғын үйдің шатыры 180 шаршы метр аумақта өртке оранды.
Ақмола облысы ТЖД-ның 23 құтқарушысы мен бес техникасы дереу шақырту орнына аттанды. Өрт сөндірушілер өрттің таралуына жол берілмеді, төрт газ баллонды шығарды, - делінген хабарламада.
Өрт 20:19-да ауыздықталып, 20:33-те сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазір өрттің шығу себебі анықталып жатыр.