Көкшетауда нашақор мектепті әбігерге салды

24 Наурыз 2025, 15:14
1157
Бөлісу:
Көкшетауда нашақор мектепті әбігерге салды
Фото: Pexels.com

Көкшетауда белгісіз ер адам  мектеп ғимаратына күшпен кіріп, бүлдірген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқушылар көктемгі демалыста болғандықтан, ғимаратта күзетшілер мен әкімшілік қызметкерлері ғана болған.

Қалалық білім бөлімінің мәліметінше, оқиға 23 наурыз күні cағат14:10-да болған. Агрессивті бейтаныс адам негізгі корпустың терезесін сындырып, бастауыш мектепке қарай бет алған. Онда ол есікті бұзып, ішке кірген. Қызметкерлер арасында зардап шеккендер жоқ, ал мектеп әкімшілігі полицияға арыз берген.

Көкшетау қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, бейнебақылау арқылы ер адамның жеке басы анықталып, ол ұсталған. Медициналық тексеру нәтижесінде оның есірткілік масаң күйде болғаны анықталды.

Осы оқиғадан кейін Ақмола облысындағы мектептерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Өзгелердің жаңалығы