Көкшетауда нан зауыты өртенді

8 Тамыз 2023, 15:50
761
Бөлісу:
Көкшетауда нан зауыты өртенді
Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

Көкшетаулық өрт сөндірушілер «Көкшетау нан зауыты» ЖШС аумағындағы өртті 2 жарым сағатта сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметі мәлім еткендей, бүгін сағат 02:25-те «Көкшетау нан зауыты» ЖШС аумағында қойма үй-жайында өрт болды. 

Алдын ала жану алаңы 50 ш.м. Өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында, өрттің үлкен аумақтарға таралуына жол берілмеді. Өрт сағат 03:00-де оқшауланып, 04:53-те жойылды. Өртті сөндіруге Ақмола облысының ТЖД 42 адамы және 13 бірлік техникасы жұмылдырылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы