Көкшетауда полицейлер мотоцикл жүргізушісінен 5 келіден астам марихуана тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ ІІМ-ге сілтеме жасап.
Ірі көлемдегі есірткі заттарын заңсыз сақтау дерегі Красный Яр ауылында анықталған. Патрульдеу кезінде полиция қызметкерлері мінез-құлқы күмән тудырған мотоцикл жүргізушісін тоқтатқан. Тексеру барысында ер адамнан есірткі қолданған болуы мүмкін белгілер байқалған. Әрі қарай тексеру кезінде ол тыйым салынған заттың бір мөлшерін өз еркімен берген.
Кейін тексеру күдіктінің тұрғылықты жерінде жалғасты. Онда полицейлер ішінде марихуана болуы мүмкін 8 қап пен 6 пакетке салынған заттарды анықтаған. Алдын ала мәлімет бойынша, тәркіленген заттың жалпы салмағы 5 келіден асады.
Тәркіленген заттар сот сараптамасына жіберілді. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.