Көкшетау қаласының өрт сөндірушілері өртті сөндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігінес сілтеме жасап.
Бүгін Көкшетау қаласында көпқабатты тұрғын үйдің 1 қабатында 9 шаршы метр алаңда үй заттары мен жиһаздар өртенді. Өрт сөндірушілердің жедел жұмысының арқасында өрт шақырылған сәттен бастап 14 минут ішінде жойылды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.
Белгілі болғандай, тілсіз жаудан зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Жағдайды «ӨҚжАҚЖ» РММ бастығының орынбасары Руслан Базарбаев түсіндірді.
Оқи отырыңыз: