Көкшетауда кәмелетке толмағандар психотроптық заттарды өткізгені үшін сотталды

14 Қыркүйек 2022, 20:59
1084
Бөлісу:
Көкшетауда кәмелетке толмағандар психотроптық заттарды өткізгені үшін сотталды

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев ағымдағы жылдың 1 қыркүйек айында өзінің «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Өркендеген қоғам» халыққа Жолдауында синтетикалық есірткіні тұтынудың артуы ұлт денсаулығына үлкен қауіп төндіретінін атап өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көкшетау қаласының прокуратурасының мәлімдеуінше,  осы аса қауіпті әлеуметтік аурудың ауқымын ескере отырып, синтетикалық есірткілерді өндіру мен таратуға қарсы күрес жалпыұлттық сипатқа ие болуы тиіс. Сондықтан нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар әзірлеу қажет. 

Бұл бағыттағы жұмысты жауапты органдар бастады. 

Айта кету керек, заң шығарушы есірткі құралдары мен психотроптық заттарды сақтағаны және өткізгені үшін қатаң қылмыстық жауапкершілікті қарастырды.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 297-бабының санкциясымен есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындағаны, қайта өңдегені, иемдегені, сақтағаны, тасымалдағаны, оларды жөнелткені не өткізгені үшін  мүлкi тәркiленiп, 20 жылға дейiнгi мерзiмге не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Осыған қарамастан, азаматтар, оның ішінде кәмелетке толмағандар жеңіл пайда алу мақсатында  есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымымен айналысуды жалғастыруда.

Мысалы, 2022 жылғы 2 қыркүйекте Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Көкшетау қаласының «Ж.М.К.» және «Г.Р.Ж.» кәмелетке толмаған тұрғындары Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 55 және 81-баптарының талаптарын ескере отырып, әрқайсысы 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ және  қылмыстық процеске қатысушылар шағымдана алады.

Облыс орталығының аумағында есірткі салынған пакеттерді жасырын орындарға салу жолымен танымал әлеуметтік желіні қолдана отырып,  600 грамнан астам психотроптық заттарды  заңсыз таратқан кезде «Ж.М.К.» және «Г.Р.Ж.» кәмелетке толмағандар полиция қызметкерлерімен ұсталды.

Сот тәжірибесі көрсеткендей, мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтар үшін кінәлі адамдарға, оның ішінде кәмелетке толмағандарға
нақты бас бостандығынан айыру тағайындалады.

Баяндалған мән-жайларды ескере отырып, қылмыстық құқық бұзушылықтың көрсетілген санаты аса ауыр құқық бұзушылықтарға жататынын және қатаң қылмыстық жауапкершілікті көздейтінін түсіндіреміз.

Өзгелердің жаңалығы