Көкшетауда еріген қар суы №22 мектепте жертөледе орналасқан тамақ дайындалатын бөлмені басып қалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, су тасқыны туралы ақпарат сағат 21:00-де түскен.
Оқиға орнына Ақмола облысының төтенше жағдайлар қызметінің күштері мен «Көкше-Тазалық» ЖШС жұмылдырылды. Жертөледен еріген суды сору жұмыстары жүргізілді, - делінген хабарламада.
Сағат 21:15-те жертөлеге судың ағуын тоқтатқаны атап өтілді.