Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Көкшетауда 70 жастағы дәрігер ұсталды

20 Маусым 2025, 23:47
1292
Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Көкшетау қаласының полиция қызметкерлері есірткіге теңестірілген препарат – трамадолды заңсыз сатқан 48 жастағы азаматты ұстады. Ұсталған адамның үстінен тінту жүргізу кезінде 130 дана таблетка және жергілікті дәрігер жазып берген екі дана рецепт тәркіленген, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел-іздестіру шаралары барысында бұл рецептілердің 70 жастағы жекеменшік медицина қызметкері тарапынан заңсыз берілгені анықталды. Аталған азаматты есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары прокуратура қызметкерлерімен бірлесіп ұстаған.

Тексеру кезінде дәрігердің жұмыс кабинетінде тағы тоғыз дана мөр басылған рецепт табылған.

Қазіргі уақытта екі факті бойынша Қылмыстық кодекске сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы