Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Көкшетауда 16 жастағы студент колледж жатақханасында көз жұмды

31 Қазан 2025, 22:14
649
Бөлісу:
 Архив
Фото: Архив

Көкшетаудағы жеке жоғары гуманитарлық-техникалық колледждің жатақханасында 16 жастағы бірінші курс студентінің денесі табылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ақмола облыстық білім басқармасының мәліметінше, оқиғаның алдын ала себебі – жүректің кенеттен тоқтауы.

Факт тіркеліп, полиция ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабымен қылмыстық іс қозғады.

Алдын ала деректерге сүйенсек, оқиға қылмыстық сипатта емес. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде, – деп мәлімдеді облыстық ПД баспасөз қызметі.

Білім басқармасы оқиға туралы ақпарат полиция мен құзырлы органдарға белгіленген тәртіппен дереу жеткізілгенін, сондай-ақ жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатқанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы