Көкшетау тұрғындары сауда үйінен аяқ киім ұрлаған

21 Сәуір 2023, 16:05
730
Бөлісу:
Көкшетау тұрғындары сауда үйінен аяқ киім ұрлаған
Фото: Polisia.kz

Дүкен қызметкерлері супермаркет сөрелерінен бос аяқ киім қораптарын тапты, деп хабарлайды Polisia.kz. 

13 сәуір күні Көкшетау қаласының полиция басқармасына ЖШС директорының 70 мың теңгеден астам сомаға 6 жұп ерлер аяқ киімін белгісіз адамдар ұрлап кеткені туралы арызы келіп түсті. Дүкен қызметкерлері супермаркет сөрелерінен бос аяқ киім қораптарын тапты. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының бұрын істі болған 29 жастағы екі тұрғыны анықталды. 

Дүкеннің қауіпсіздік камераларының жазбасы оларды табуға көмектесті. Күдіктілердің айтуынша, олар кезек-кезекпен дүкенге кіріп, қызметкерлер басқа сатып алушыларға қызмет көрсетіп жатқан мезетті пайдаланып, мүлікті иемденіп, аяқ киімдерді пакеттерге салып, сауда нүктесінен шығып кеткен. 

Кейіннен ұрланған заттарды кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдарға сатып, түскен қаражатты өз қажеттеріне жұмсаған. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Полиция қызметкерлері сауда қызметкерлерін мұқият болуға шақырады. 

Бұл әсіресе өзіне-өзі қызмет көрсететін дүкендерге қатысты. Сауда орындарын ұйымдастырған кезде сөрелердің арасындағы кеңістік жақсы көрінетіндей етіп орналастыру керек, сатып алушыларды бақылауға мүмкіндік беретін шолу айналарын орнату керек. Қауіпсіздік камераларын орнату – дүкендердегі ұрлықтың алдын алудың тиімді шарасы.

Өзгелердің жаңалығы