Көкшетау қаласы мен Зеренді туристік аймағын жалғайтын жол үш жолақты болады

8 Қазан 2024, 09:12
254
Бөлісу:
Көкшетау қаласы мен Зеренді туристік аймағын жалғайтын жол үш жолақты болады
PHOTO
Фото: Көлік министрлігі

Биыл мамандар жалпы ұзындығы 50 шақырымға жуық республикалық маңызы бар «Көкшетау – Зеренді» автожолын орташа жөндеу жұмыстарымен қамтуға кірісті. Жобаны келесі жылы аяқтау жоспарланған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көлік министрі Марат Қарабаев жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.

Көкшетау қаласы мен Зеренді туристік аймағын жалғайтын жол үш жолақты болады

Зеренді – біздің еліміздегі танымал туристік орындардың бірі. Тиісінше, жазғы маусымда аталған учаскеде қозғалыс күшейеді. Ел тұрғындары мен туристер үшін маңызды аталмыш жол 2025 жылы үш жолақты болады. Екі жолақ бір бағытта, ал қалған біреуі керісінше бағытта болмақ. Екі жолақтың қай бағытта пайдаланатындылығы туралы шешім жергілікті полициямен бірлесіп қабылданады. Аталған жолда реверсивті қозғалыс болады. Егер бұрын жолдың ені 7 метр болса, енді ол 11 метрге дейін жеткізілмек. Кеңейтілген жол көліктердің қозғалысы үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді деп күтілуде. Сондай-ақ жолдағы өткізу қабілетін арттыруға және кептелістерді айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді, - деді министр.

Нысанды пайдалануға бергеннен кейін мамандар жол қауіпсіздігі үшін қажетті элементтерін орнатады.

Көкшетау қаласы мен Зеренді туристік аймағын жалғайтын жол үш жолақты болады

Қазір Зеренді ауылынан жолдың ортасына дейінгі 20 шақырымдық учаскеде (бұл екінші учаске) орташа жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Аталған учаскеде мамандар асфальттың екі қабатын төсеп, жол жиектерін нығайтуда. Сонымен қатар қалған сегментті (бірінші учаскені) жөндейтін мердігер ұйымды анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы