Көкшетау маңындағы полигон бір жарым аптадан бері жанып жатыр

22 Шілде 2023, 16:13
651
Бөлісу:
Көкшетау маңындағы полигон бір жарым аптадан бері жанып жатыр
Фото: Ақмола облысы ТЖД

Өрт сөндірушілер бір аптадан астам уақыт бойы Көкшетау маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын өшіре алмай отыр. Қала әкімі түтінге тұншығып жатқан тұрғындардан "шыдамды болуды" сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Көкшетау қаласындағы "Сарыарқа" ықшамауданының тұрғындары әкіммен кездесу барысында өртеніп жатқан қоқыс полигонынан шыққан түтінге шағымданды. Ал өз кезегінде әкім полигон маңындағы өрт толығымен сөнгенше тұрғындардан "шыдамды болуды" сұраған.

"Жақсы иіс шығып жатыр деп айта алмаймын, келісемін. Өзім күніне үш рет полигонға барамын. Сондықтан түтінге шыдамдылық таныту керек. Әсіресе бұл күндері оның иісі бірнеше рет қана шықты. Ол үнемі Омбыға, Щучьеге қарай соғады. Екіншісі - Көкшетау. Сондықтан шыдамды болуымыз керек. Сабырлы болыңыз, біз өртті сөндіреміз, - дейді Көкшетау қаласының әкімі Бауыржан Ғайса.

Көкшетау қаласының әкімі атап өткендей, қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны тоғыз күннен бері жанып жатыр. Өрт аумағы үш гектардан бір гектарға дейін қысқарды. Өртті сөндіруге көп "күш пен құралдар" жұмылған.

Көкшетау полигонындағы қоқыс 12 шілдеде өртенді. Келесі күні Төтенше жағдайлар департаменті өртті сөндіруге жүзге жуық өрт сөндіруші жұмылғанын хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы