Көкшетауда коронавирусты диагностикалайтын бірінші зертхана ашылды

20 Сәуір 2020, 14:58
1984
Бөлісу:
Көкшетауда коронавирусты диагностикалайтын бірінші зертхана ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көкшетау қаласында 20 сәуірден бастап елде алғашқылардың бірі болып ПЦР-зертхана іске қосылатын болады, онда әрбір ниет білдірген адам коронавирус инфекциясына тест тапсыра алады. 

Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Қала бойынша жұмыс сапарының барысында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев зертхананың пациенттерді қабылдауға дайындығын өзі барып көріп шықты.   

Медицина қызметкерлерінің айтуы бойынша, бұл көптеген қателікке жол беретін экспресс-тест емес. Бұл тестілер ДНК-мен "жұмыс істейді". Зертханада 1 (бір) мың тест бар, дүйсенбі тағы 6,5 мыңы келеді. Нәтижесін тосу уақыты – бір тәулік. Бұл жерде 5 адам жұмыс істейді, персоналдың инфекция жұқтыруы мүмкін емес, себебі материал тек терезе арқылы ғана беріледі. Ғимаратта арнайы желдеткіш қарастырылған. Зертхана өзінің алғашқы пациенттерін 20 сәуірде қабылдай бастайды. Бір күн ішінде 200 тест орындалады.     

Жаңа зертханада нақтылы уақыт режимінде ПЦР тәсілімен коронавирусты диагностикалау бойынша зерттеу жүргізілетін болады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының және Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен жаңа ПЦР-зертхана көпбейінді балалар ауруханасында орналастырылды. Инвестициялау шаммен 100 млн теңгені құрады. Біздің облысымызда кез келген адам коронавирус инфекциясына тексеріле алады, - деп атап өтті "Мырза-хан" ЖШС Ақмола және Солтүстік Қазақстан филиалдарының директоры Әсет Бекбосынов. 

Өңір басшысы тағы бір модульдік фармзертханада болды. Модуль 1 қабатты, 6 кабинет, материалды жинау үшін 3 терезе бар және Әуезов көшесі, 210 мекенжайы бойынша "Дивера" МЦ аумағында орналасқан. Бұл жерде дәрігерлердің айтуы бойынша Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында тіркелгендерге қызмет көрсетіледі және анализдерін коронавирус инфекциясына, сондай-ақ басқа да аурулар бойынша да тапсыруға болады. Мысалы, приборларды белгілі бір гепатитке, зәр-жыныстық инфекцияға және т.б. баптауға болады. 

Біздің Макинск құс фабрикамыз заманауи мобильді зертхананы сыйға тартты. Бұл бүгінгі таңда үлкен қолдау, сонымен қатар фабрика әрқайсысы 2300 теңге тұратын, 23 млн теңге жалпы сомасына 10 мың тест сыйлады. Енді ақмолалықтар нақтылы уақыт режимінде қажетті анализ тапсыра алады және осының барлығы біздің әріптестеріміздің жомарттылығының жарқын көрінісі, - деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы