Көкшетау қаласына санитарлық бекеттер қойылатын болды

3 Қараша 2020, 05:43
1228
Бөлісу:
Көкшетау қаласына санитарлық бекеттер қойылатын болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев ақмолалықтар арасында, оның ішінде Көкшетау қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны күрт өскенін атап өтті. Аймақ басшысының айтуынша, дертпен күресу үшін Көкшетау қаласына кіреберіс жолдарға амалсыздан санитарлық бекеттер қойылады.

Өкінішке қарай, Көкшетау қаласында соңғы аптада сырқаттанғандардың саны екі есе өсті. Сол себепті, біз мұқият болып, маска режимін, әлеуметтік қашықтықты сақтауымыз керек. Барлығы өзімізге байланысты, - деп атап өтті аймақ басшысы Е.Маржықпаев. 
Өткен жұма күні Ақмола облысына жұмыс сапарымен келген Мемлекет басшысына жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы таныстырылды. Аталмыш медициналық мекеме осы аптада жұмысын бастайды. Коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындықты сөз еткен аймақ басшысы өкпені желдету апаратының жеткілікті көлемде сатып алынғандығына тоқталды. Наурыз-қараша айлары аралығында барлығы 325 аппарат сатып алынды. Сонымен бірге, рентген аппараты және жылжымалы кешен сатып алынуда. 
Біз дәрі-дәрмектің екі айлық қорын жасадық. Дәрілер медициналық мекемелер мен дәріханаларда да жеткілікті. Бірақ та, өзімізге өзіміз жанымыз ашымасақ, бізге ештеме көмектеспейді, - деп толықтырды.
Е.Маржықпаев ақмолалықтарды маска режимін сақтауға, сондай-ақ, мейрамаханалар мен тойға бармауға шақырды. 
Өкінішке орай, сандар көңіл көншітпейді. Қазан айында 256 адам ауырса, оның 65 пайызы облыс орталығының үлесінде. Сол себепті, бүгіннен бастап, мемлекеттік бас санитарлық дәрігер карантиндік шараларды күшейту туралы қаулығы қол қояды. Осыған орай, қала сыртында санитарлық блокпостар қойылады. Бұл амалсыздан барып отырған шара, бұдан біз құтыла алмаймыз. Сауда орындары, мейрамханалар және оқу орындарының жұмысын қайта қарап жатырмыз, - деді Е.Маржықпаев. 
Аймақ басшысы тұрғындардың сақтық шараларына салғырт қарап отырғандығына алаңдаушылық білдірді. Мысал ретінде, Семізбай кеніндегі 500 жұмысшының 46 коронавируске шалдығуына байланысты тұтас кәсіпорынды жабуға тура келгендігін айтты.
Өзгелердің жаңалығы