Көкпардағы дау қазақ-қырғыз байланысына әсер етпейді – СІМ

2 Қазан 2024, 16:36
328
Бөлісу:
Көкпардағы дау қазақ-қырғыз байланысына әсер етпейді – СІМ
Фото: Артём Чурсинов архив

Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Елімізде өткен Көшпенділер ойындарында Қырғызстанмен келеңсіз жағдай болды... Осыған байланысты Сыртқы істер министрлігінен қандай да бір хат болды ма? - деп сұрады журналистер.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қырғызстан біздің бауырлас көршіміз екенін айтты.

Жоқ, бұл – біздің бауырлас ел, олармен бауырластық қарым-қатынастамыз. Спорт саласында дау туындаса, ол тек спорт, саясат емес. Біз ғасырлар бойы көршіміз және болашақта да көрші болып қала береміз, - деді ол брифингте.

Оның айтуынша, спорттағы эмоционалдық мінез-құлық елдеріміздің қарым-қатынасына әсер етпейді.

Эмоционалды мінез-құлық үлкен мәселе болмайды. Бұл қарым-қатынасқа ешқандай әсер етпейді. Бұл бір ғана ойын және оның нәтижесімен қарым-қатынасымызды толығымен сызып тастау жақсы идея емес, - дейді Смадияров.

Өзгелердің жаңалығы