Жамбыл облысының бұрынғы әкімі, ТЖМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің директоры Кәрім Көкірекбаев пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Көкірекбаев "BAZIS CONSTRUCTION" - "INFR." ЖШС бөлімшесінің директоры Андрей Поплавскийден шамамен 800 мың доллар пара алу кезінде ұсталған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет экс-әкімнің пара алу кезінде ұсталғаны туралы ақпаратты ресми растаған.
Көкірекбаев 2013-2018 жылдары Жамбыл облысы әкімі қызметін атқарды. 2019 жылғы тамыз айында ТЖМ "Қазселденқорғау" ММ-нің басшысы болып тағайындалды.