Көк Жайлау шатқалынан түсе алмаған турист құтқарылды

13 Тамыз 2023, 14:34
592
Бөлісу:
Көк Жайлау шатқалынан түсе алмаған турист құтқарылды
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

13 тамызда түнгі сағат 1.15-те ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының жедел тобы туристі іздеуге тауға шыққан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2005 жылы туған жас жігіт 12 тамызда таңертең Көк Жайлау шатқалына кетіп, оның телефоны өшірулі болған.

Құтқарушылар тауда жоғалған адамды түнгі сағат үште тапты. Қатты жауған жаңбыр мен қараңғы түсуіне байланысты турист шатқалдан өздігінен түсе алмаған. Сағат 5.20-да құтқарушылар жасөспірімді туыстарына жеткізді, - делінген хабарламада.

ТЖМ құтқарушылары еске салады: тауға шықпас бұрын бағытыңызды, ауа-райын зерттеңіздер, туыстарыңызға немесе таныстарыңызға өздеріңіздің бағытыңыз және қалаға оралу уақытын айтып кеткен жөн. Сонымен қатар, міндетті түрде өзіңізбен су өткізбейтін пакетте сіріңке мен зарядталған пауэрбанк алып жүріңіздер.

Өзгелердің жаңалығы