Қоғамдық кеңестердің өкілеті кеңейтіледі

22 Сәуір 2021, 12:49
1413
Бөлісу:
Қоғамдық кеңестердің өкілеті кеңейтіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да азаматтық бастамаларды қолдау және дамыту мәселелері туралы өткен брифингте айтты.


Биылдан бастап елімізде жұмыс істеп жатқан 237 және оған қосымша құрылатын 13 қоғамдық кеңестердің өкілеттерін арттыратын заңнамалық құжаттар күшіне енді. Атап айтсақ, ендігі жерде қоғамдық кеңестердің 70 пайыздан кем емес құрамы байқау арқылы сайланатын ҮЕҰ тұрады. Бұл көрсеткіш 90 пайызды құрауы мүмкін. Біздің министрлікте ол 99 пайызды құрайды, - деді Тілепов.

Оның айтуынша, қоғамдық кеңестердің құқықтары мен міндеттерін кеңейту , қоғамдық бақылау шараларын регламенттау шаралары көзделген.

Осы түзетулерді ескере отырып, жыл сайын Мемлекет басшысына қоғамдық кеңестердің қызметі туралы ұлттық баяндама енгізіледі. Азаматтардың бастамалары мен белсенділігін көтеру үшін заңға қайшы келмейтін тетіктер қарастырылған. Мысалы, волонтерлік пен қайырымдылық жасау сияқты қызмет түрлері қазіргі пандемия кезеңінде, кешегі төтенше жағдайлар кезінде ерекше өзекті болуда. Осы небәрі бір жылда еліміздегі волонтерлік ұйымдардың саны 3 есе өсіп, еріктілердің қатары 200 мыңға жетті, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы