Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тлепов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Қазақстандағы қоғамдық кеңестер қызметін дамытудағы жаңа тәсілдер туралы өткен баспасөз конференциясында айтты.
Қолданыстағы қоғамдық кеңестер туралы заңның өзі 2015 жылы қабылданған болатын. Бұл құжат та, қоғамдық кеңестер де өзін-өзі ақтады. Бүгінгі ұсынылып отырған өзгертулер олардың қызметін одан әрі жетілдіруді көздеп отыр. Қолданыстағы заңға 40 жаңа норма мен 28 түзетілген норма енгізіліп отыр, - деді вице-министр.
Ол енгізілген нормалардың маңызы туралы айтып берді.
Қоғамдық кеңестер саласында өкілетті органды анықтау болды. Бұл орайда Қоғамдық даму және ақпарат министрлігі ұсынылды. Өкілетті орган Мемлекет басшысына қоғамдық кеңестер қызметтері туралы ұлттық баяндама жасау кіреді, - деді ол.
Тілепов заңнама қоғамдық кеңестерге келіп түсетін сұрақтарды олардың қоғамдық маңыздылығына қарай өздері іріктеп, қарауға құқық беретінін айтты.
Бұл жерде қоғамдық кеңестер консультативтік кеңесші орган болып табылады. Тиісінше, заңды тұлға емес. Осыған байланысты қоғамдық кеңестерге азаматтардың өтініштерін қарау нормалары қолданылмайды. Бірақ қоғамдық кеңес қоғамдық бақылау нысандардың бастығы туралы шешім қабылдауға құқылы, - деді ол.
Айта кетейік, 3 қаңтарда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қоғамдық кеңестердің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.